- Блогтар
- Найзабеков Ә.Б.
Найзабеков Ә.Б.
«Рудный индустриялық институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор
Құрметті достар!
Рудный индустриялық институты көп жылдар бойы қазақстандық білім беру нарығында орнықты позицияларды көрсетіп келеді. 2021 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ТОП-20 бас рейтингінде РИИ 13-ші позицияда тұр. Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары салалары (инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары) бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингісінде институт ТОП-10-ға кірді. Қазақстан студенттер Альянсы өткізген әлеуметтік сауалнамада РИИ еліміздің 71 ЖОО арасында 5-ші орынды иеленді.
Институтта бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. ЖОО-ның даму бағыттарының бірі корпоративтік серіктестер - Қазақстан Республикасының ірі кәсіпорындарымен, сондай-ақ халықаралық трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық болып табылады.
Білім беру бағдарламаларының жоғары тәжірибеге бағытталғандығы; 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан студенттердің практикалық дағдыларын аккредиттеу бойынша сараптамалық кеңестердің жұмысы; кәсіпорындардың топ-менеджерлерінің мастер-класстар өткізуі және т.б. – осының барлығы біздің түлектерімізді жұмысқа орналастырудың жоғары деңгейіне ықпал етеді.
Тағы бір маңызды аспект – институттағы ғылыми қызметті дамыту. РИИ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруға ғылыми конкурстарына қатысудың нәтижелілігі бойынша өңірлік жоғары оқу орындарының алғашқы ондығына кіреді. Сондай-ақ ЖОО-да халықаралық деректер базасында (Web of Knowledge, Scopus, Springer, Elsevier және т.б.) индекстелетін басылымдардағы ғалымдардың жариялау белсенділігі бойынша рейтингтердегі динамикасы жақсы, бұл жүргізілетін ғылыми зерттеулердің жоғары нәтижелілігін және олардың әлемдік ғылыми қоғамдастықта қажеттілігін көрсетеді.
Біздің идеялық ұстанымымыз: «Индустриялық-инновациялық даму. Біз жаңаны бүгін жасаймыз және ертең жасауға үйретеміз!». Егер сіз креативті, зияткерлік ерлікке дайын, жаңа білімді игеруге және серпінді жобаларды іске асыруға қабілетті болсаңыз, онда біздің сізге айтарымыз: «Рудный индустриялық институтына қош келдіңіз!».
Құрметпен, «Рудный индустриялық институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик А.Найзабеков.