- Блогтар
- Найзабеков Ә.Б.
Найзабеков Ә.Б.
«Рудный индустриялық институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор
Найзабеков Ә.Б.
«Рудный индустриялық институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор
Найзабеков Әбдірахман Батырбекұлы
1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында дүниеге келген.
1980 жылы Теміртау қаласындағы Қарметкомбинат жанындағы Жоғары техникалық оқу орнын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1980 жылы Алматы қаласындағы «Қызыл-Ту» өндірістік бірлестігінде шебер болып бастаған.
1981 жылы - Теміртау қаласы, Қарметкомбинат жанындағы ЖТОО-Зауыт МҚО кафедрасының оқытушысы.
1982 жылы - Мәскеу болат және қорытпалар институтында стажер-зерттеуші, Мәскеу қ.
1984 жылы – Мәскеу болат және қорытпалар институтының күндізгі аспиранты.
1988 жылы – Теміртау қаласы, Қарметкомбинат жанындағы ЖТОО-Зауыт МҚО кафедрасының оқытушысы, доцент.
1990-1992 ж. ж. – ГФР-да ғылыми тағылымдама болған.
1992 жылы – Қарағанды металлургия институтында (ҚарМетИ) доцент, МҚО кафедрасының профессоры, кәсіптік-техникалық факультетінің декан орынбасары, оқу ісі жөніндегі проректордың орынбасары, оқу ісі жөніндегі проректор, оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор.
1998 жылы – «ҚарМетИ» РМҚК, «ҚарМетИ» ЖАҚ, «КарМетИ» АҚ ректоры, ҚМИУ ректоры.
2012 жылы – Рудный индустриялық институтының ректоры, Рудный қаласы.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Рудный индустриялық институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры, Рудный қаласы.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, 2020 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
ҚР техникасы мен ғылымын дамытудағы ерен еңбегі үшін мемлекеттік ғылыми стипендияның 4 рет лауреаты, Қарағанды және Қостанай облысы әкімінің грамотасы, Теміртау қаласы әкімінің грамотасы, Рудный.
Қосымша
Қазіргі уақытта Әбдірахман Батырбекұлы ҚР БҒМ гранттары бойынша орындалатын ҒЗЖ-ның үш тақырыбы бойынша жауапты орындаушы болып табылады.
Ә.Б.Найзабеков 8 халықаралық журналдың редакциялық кеңестерінің мүшесі болып табылады, олардың 2-уі Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстеледі. 50-ден астам өнертабыстың, өнертабысқа және пайдалы модельдерге патенттердің және т.б. авторы.
Ә.Б.Найзабеков 770-ке жуық ғылыми мақала жариялады (жеке және бірлескен авторлықта), оның ішінде Scopus базасына кіретін ғылыми журналдарда 130-дан астам жарияланым және Web of Science базасына кіретін ғылыми журналдарда 60-тан астам жарияланым, 30-дан астам монография, оның ішінде ағылшын тілінде. Web of Science және Scopus бойынша Хирш индексі 8-ді құрайды.
Қазіргі уақытта Әбдірахман Батырбекұлы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының бас рейтингісінде 14-ші орын алады. Ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандар үшін мемлекеттік ғылыми стипендияның төрт дүркін лауреаты болып табылады.
Ә.Б.Найзабеков Ресей, Болгария, Белоруссия, Украина, Германия, Польша, Қытай, Чехия, Қытай және басқа елдердің жетекші ғалымдарымен металдарды қысыммен өңдеу саласында бірлескен зерттеулер жүргізеді.
Ә.Б.Найзабековтың жетекшілігімен техника ғылымдарының кандидаты және PhD докторы ғылыми дәрежесін алу үшін 10 диссертация қорғалды, оның ішінде 6 оқушы «Үздік оқытушы» атағына ие болды, 5 оқушы мемлекеттік ғылыми стипендия алу құқығына бірнеше рет ие болды.