- Блогтар
- Калмакова Ж. А
Калмакова Ж. А
ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы
Құрметті блогқа келушілер!
Сіздерді Ашық Үкімет блогындағы жеке парақшамда көргеніме қуаныштымын!
Осы интерактивті ресурс арқылы диалог пен кері байланысты іске асыру Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту игілігі үшін жұмыс істейтініне сенімдімін.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы медицина ғылымы, білім беру және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін ашық.
Блог ашық диалог алаңы болып, ақпарат алмасудың тиімді құралына айналады деп санаймын. Біз әрқашан сіздің идеяларыңыз бен ұсыныстарыңызды талқылауға, ортақ шешімдер табуға дайынбыз.
Біздің ынтымақтастығымыз қызықты, креативті және пайдалы болады деп үміттенемін.
Құрметпен,
ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы”
ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы
Жанар Қалмақова.