- Блогтар
- Калмакова Ж. А
Калмакова Ж. А
ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы
Калмакова Ж. А
ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы
Жанар Амангельдіқызы Қалмақова 1971 жылғы 04 қазанда Қызылорда қаласында туған.
2001 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірді, біліктілігі – «дәрігер гигиенист-эпидемиолог».
1989 жылы Қызылорда қаласының медициналық училищесін бітірді.
1989-1993 жылдар аралығында Қызылорда облыстық ауруханасының реанимациялық медбикесі болып еңбек жолын бастады.
1995-2001 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқып, үздік дипломмен бітірді.
2001-2014 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Жалпы медицина және гигиена кафедрасының оқытушысы болып қызмет атқарды.
2011 жылғы 26 ақпанда ҚР Білім және ғылым министрлігігінң Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
2014-2015 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және бастапқы әскери кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2015-2021 жылдар аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы «Жастар денсаулығы облыстық орталығы» МК директоры лауазымында қызмет атқарады.
2021 жылдың 12 сәуірі – 2022 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2022 жылғы 10 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.