- Блогтар
- Кодек С.Т.
Кодек С.Т.
«Ветеринариялық пункттері бар Ұйғыр ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директоры
Кодек С.Т.
«Ветеринариялық пункттері бар Ұйғыр ауданының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директоры
Мен Кодек Совет Турсынулы 1963 жылы 01 қаңтарында Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ават ауылында дүниеге келген.Ұлтым-қазақ. 1970 жылы Тиірмен қазақ орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1980 жылы 10 сыныпты бітіріп шықтым. Еңбек жолын 1980 жылы «Ильтыз» колхозында бастадым, аталған колхозда 1981 жылға дейін колхозшы болып еңбек еттім. 1981 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылып, Матронино поселкесіндегі №41071әскери бөлімшесінде әскери борышымды атқардым. Әскер қатарынан келген соң, Ават ауылында 1983 жылдан 1984 жылға дейін колхозшы болып еңбек еттім.1984 жылы Алматы зоотехникалық малдәрігерлік институтына түсіп, малдәрігер мамандығы бойынша 1989 жылы бітіріп шықтым. 1981жылдан 1991 жылға дейін жаңадан құрылға «Сунқар» колхозында зоотехник болып жұмыс істедім. 1991 жылдан 1992 жылға дейін «Кіші-Дихан» ауылында бөлімше малдәрігері болып еңбек еттім. 1992 жылдан 1995 жылға дейін жаңадан құрылған «Көкбастау» колхозында бас малдәрігер болып жұмыс істедім. Колхоздың таралуына байланысты 1995 жылы «Бертіс» шаруа қожалығына жұмысқа кірдім, 1996 жылға дейін жұмыс істеп келдім. 1997 жылдан «Ават» кооперативіне мүше болып қабылданып, 2000 жылға дейін малдәрігер болып жұмыс істеп келдім. 2000 жылы ҚР АШМ Ұйғыр аудандық аумақтық басқармасынада ветеринарлық инспекторы болып жұмыс істедім. 2008 жылдан бастап Жеке кәсіпкер «Кодек С» лицензиат ветеринарлық дәрігер болып 2012 жылға дейін жұмыс істеп келдім. 2012 жылдан бастап осы күнге дейін Ұйғыр аудандық ветеринариялық станциясының директоры қызметін атқарып келемін. Зайыбым Кодекова Злиха екеуміз 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп келеміз.