- Блогтар
- Аширбеков З.М.
Аширбеков З.М.
«Сарқанирригация» СШМКК директоры
Аширбеков З.М.
«Сарқанирригация» СШМКК директоры
Аширбеков Заманхан Манапұлы 1963 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы, Арыс қаласында, сәуір айының 22 – де дүниеге келген.
1986 жылы Жамбыл қаласындағы Гидромелиоративтік құрылыс институтын инженер – гидротехник мамандығы бойынша аяқтағаннан кейін, жолдамамен Сарқан аудандық су шаруашылығы мекемесіне инженер – гидротехник қызметіне қабылданған.
1987 жылы ауданның Басқан су бөлімінде, бөлімше бастығы қызметіне көтерілген Аширбеков Заманхан Манапұлы, ұйымдастыру қабілетінің жоғары екендігін көрсете біліп, 2000 жылы Сарқан суландыру жүйелері басқармасының бастығы болып тағайындалды. Аталған мерзімнен, осы күнге дейін, осы қызметті абыроймен атқарып келеді.
Мінезі салмақты, жұмысқа жауапты, ұжымда сыйлы, өз ісінің білікті маманы, еңбек ардагері.