- Блогтар
- Доланғаранов Е.Ә.
Доланғаранов Е.Ә.
Алматы облысының мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасы ММ-нің Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы МКҚК директоры
Доланғаранов Е.Ә.
Алматы облысының мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасы ММ-нің Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы МКҚК директоры
Мен Доланғаранов Ермек Әбілқасымұлы 1965 жылы 01 сәуірде Алматы облысы, Сарқан ауданында дүниеге келдім.
1988-1993 жылдары Шымкент қаласындағы «Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық институтына» түсіп мәдениет ағарту жұмыстары және эстрадалық джаз оркестірінің дирижері мамандығын бітіріп шықтым.
25.11.1984-05.12.1986 жылдары әскери борышымды Москва облысы, Подольск қаласында өтедім. Әскери қызметте жүргенде музыка взводында әскер клубының бастығы қызметін атқардым.
Әскери атағым-аға сержант.
Еңбек жолымды 25.07.1984-10.04.1987 жылдары Сарқан ауданында «Энергия» колхоз ұжымында бастадым.
14.04.1987-17.09.1987 жылдары Сарқан аудандық Мәдениет бөлімі, клуб меңгерушісі, одан кейін 1987-1988 жылдары Колхоз «Энергия» ұжымы, музыкалық жетекшісі, 1993-2000 жылдары Сарқан аудандық мәдениет үйінің директоры болып жұмыс істедім, 2002-2004 жылдары Талдықорған қаласы, Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы, директор орынбасары және 2004-2011 жылдары Талдықорған қаласы, Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филормониясы директорының орынбасары болып жұмыс атқардым.
15.03.2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Алматы облысының мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы» мкқк директоры болып қызметімді атқарып келемін.
Қазақстан Республикасы Президентінің «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекесіне байланысты Медалі – 2001 жылы, Қазақстан Республикасы Президентінің «10 жыл Астана» Медалі – 2005 жылы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінен «Мәдениет Қайраткері» - 2005 жылы, Алматы облысы әкімінің Құрмет громотасы – 2014 жылы, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Құрмет грамотасы – 2019 жылы, «Еңбек даңқы» төсбелгісі – 2020 жылы және де республикалық, облыстық, аудандық іс-шараларға белсене қатысып, облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Өз жұмысыма жауапкершілікпен қарап, тыңғылықты орындаймын.
Басшылық қабілеті, жауапкершілігі жоғары. Мәдени шараларды ұйымдастыруда біліктілігімен көзге түсіп жүр. 3 бала өсіріп, тәрбиелеп отырған ардақты әке.
Облыстық халық шығармашылығы орталығында 8 жыл қызмет атқарып келемін.