- Блогтар
- Оразбаев М. Ж.
Оразбаев М. Ж.
«Тасқала аудандық орталық ауруханасының» директоры
Оразбаев М. Ж.
«Тасқала аудандық орталық ауруханасының» директоры
Оразбаев Мақсат Жунисалиевич 1981 жылы 10 ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы, Керейт ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі – жоғары. 1998-2004 жылы Семейдің мемлекеттік медицина академиясын "Педиатрия" мамандығы бойынша бітірген.
2004-2005 Семейдің мемлекеттік медицина академиясында бала дәрігері мамандығы бойынша интернатурадан бітірген.
Еңбек жолын 2005-2007 жылы ОҚО Түлкібас ауданында педиатр дәрігері қызметінен бастаған. Әр жылдары 2007-2009 жж. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медициналық академиясында емханалық педиатрия кафедрасының ассистенті, 2009-2011 жж. аралығында Шымкент балалар ауруханасында дәрігер педиатр, 2012-2013 жж. БҚО Көпбейінді балалар ауруханасында қабылдау бөлімінің меңгерушісі, 2013-2020 жж. Бәйтерек аудандық ауруханасында алдымен отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі, одан соң медицина бөлімі жөніндегі директордың орынбасары лауазымын атқарған. 2020 жылдың 19 маусымынан бастап Тасқала аудандық орталық ауруханасының директоры.
Оразбаев Мақсат Жунисалиевич «Педиатрия» мандығы бойынша жоғары санатты, «Кардиология», «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша бірінші санатты, өз ісінің білікті маманы. Медициналық кәсібін жүзеге асыру үшін «Неонатология», «Кардиология» «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандықтары бойынша қайта даярлау курсынан өтіп, маман сертификатын иемденген.
Денсаулық сақтау саласындағы сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшылар мен кеңесшілер қоғамдық бірлестігінің мүшесі. Нұр-Сұлтан қаласындағы тәуелсіз медициналық сарапшылар ассоциациясының мүшесі, «Тәуелсіз сарапшы».