- Блогтар
- Елеусинова В. Ж.
Елеусинова В. Ж.
«Қаратөбе аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры
Елеусинова В. Ж.
«Қаратөбе аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры
Елеусинова Венера Жаукеновна – директор, «Қоғамдық денсаулық сақтау» бойынша жоғары санатты дәрігер.
1998 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының «педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.
2002 жылы «Офтальмология» бойынша қайта даярлаудан өткен, біліктілігін арттыру: 2005ж - «Балалардың көру мүшесінің кейбір ауруларының диагностикасы мен емінің қазіргі әдістері», 2007ж. - «ҚР денсаулық сақтау тәжірибесіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тірі туу және өлі туу өлшемдерін енгізу», 2008ж. - «Неонатологиядағы шұғыл көмек, қарқынды терапия және сәбиді реанимациялау», 2012ж.- «Балаларда көз түбінің патологиясы». 2014ж. - «Кәсіптік патология», 2015ж. - «Көру жүйесінің шұғыл жағдайлары»,
2016ж - «Қоғамдық денсаулық сақтау», 2018г. - «Денсаулық сақтау саласын модернизациялау», 2019ж. - «АББ менеджментінің өзекті сұрақтары».
Еңбек жолын «Қаратөбе аудандық орталық ауруханасында» дәрігер педиатр қызметінен бастаған, 2003-2006жж. аралығында директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, 2007-2008жж. аралығында МКҚК «Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы», офтальмолог және неонатолог, 2008-2010жж. аралығында МКҚК «Қаратөбе аудандық орталық ауруханасын», емхана меңгерушісі.
2010-2017 жж. аралығында «Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
2017 жылдың 15 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қаратөбе аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры.