- Блогтар
- Кубаев Б. У.
Кубаев Б. У.
ШЖҚ «Теректі ауданының 2-ауруханасы» МКК-ның директоры
Мен Кубаев Бекзат Утегенович қазіргі таңда ШЖҚ «Теректі ауданының 2-ауруханасы» МКК-ның директоры болып жұмыс атқарудамын.
Біздің мақсатымыз: Тұрғандардың сұранысына сай, тиімді әрі қол жетімді алғашқы медико-санитарлық,стационарлық көмек көрсету арқылы олардың денсаулығын сақтау.
Амбулаториялық-емханалық қызметі бар, Теректі ауданының 2- ауруханасының атқарып отырған қызметі тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсетіп денсаулық сапасын жақсартуға, Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, денсаулық сақтау бойынша бұйрықтары мен қаулыларын орындауға, мемлекеттік тапсырысты орындау мен ақылы қызмет көрсетуге бағытталған.
Ауданда 1 отбасылық денсаулық орталығы, 3 дәрігерлік амбулатория, 16 медициналық пункт, 60 кереуетті бір тәуліктік стационар, тәуліктік стационар,20 кереуетті медбикелік күтім бөлімі және 56 кереуетті күндізгі стационар және 20 кереуетті инфекциялық стационар халыққа қызмет көрсетеді,және олар медициналық қызметтің 19 түрі бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді.