- Блогтар
- Тасболатов Н. Қ.
Тасболатов Н. Қ.
«БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі» МКҚК директоры
Тасболатов Н. Қ.
«БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі» МКҚК директоры
Тасболатов Нұржан Қадержанұлы, 1973 жылы 4 мамырда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген.
1994 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының «Саз және педагогика» мамандығын бітірген.
Жалпы еңбек өтілі және Мәдениет саласындағы еңбек өтілі – 25 жылдан астам. Осы ұжымдағы еңбек өтілі – 1 жыл, 5 ай.
Алғаш еңбек жолын 1994 жылы Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында артис-инструменталист қызметінен бастаған. 2002-2004 жылдары «Жастар мәдениет үйінде» МКҚК-да музыкалық студия жетекшісі, 2004 жылы «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» МКҚК-да солисі, 2005-2009 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК-да музыкалық жетекшісі, 2009-2012 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК-да директордың орынбасары, 2012-2013 жылдары «Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де бөлім басшысы, 2013-2016 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының жастар шығармашылығы орталығы» МКҚК-да директордың орынбасары, 2016-2018 жылдары «Зеленов аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Зеленов аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК-на қарасты Дариян ауылдық мәдениет үйінің директоры, 2018-2019 жылдары «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Қадыр Мырзалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы» МКҚК директорының шығармашылық ісі жөніндегі орынбасары лауазымды қызметтерін атқарған.
2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрі» МКҚК директоры қызметін атқарып келеді.
Республикалық, Халықаралық байқаулардың лауреаты.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің (2011), Батыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының (2015), облыстық мәдениет басқармасының (2015), «НұрОтан» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың (2016), ҚР мәдениет және спорт министрінің (2019), БҚО әкімі Ғ.Есқалиевтің «2020) Алғыс хаттарымен, «Мәдениет Майталманы» (2019) төс белгісімен марапатталған. «Еңбек даңқы» медалінің иегері (2019).
Отбасында жолдасы, 1 ұлы, 2 қызы бар.