- Блогтар
- Сураужанов Д. А.
Сураужанов Д. А.
"Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" директоры
Сураужанов Д. А.
"Жамбыл аудандық орталық ауруханасы" директоры
Мен Сураужанов Дамир Абдиханович 1976 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы ,Күрті ауданы, Айдарлы ауылында дүниеге келдім, ұлтым қазақ.
1982 жылы М.Ломоносов орта мектебінің 1 – сыныбына барып, 1992 жылы орта мектепті бітірдім. Мектепті бітірген соң, Ленин колхозда жұмыс істедім. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетіне түсіп, емдеу факультетін 2001 жылы бітірдім. 2001-2002 жылдары хирургия бойынша бір жылдық интернатурадан өттім. 2002 жылы "Қарғалы Ауылдық ауруханасы" ММ- де хирург дәрігері болып жұмыс атқардым. 2002-2005 жылдары Жамбыл ауданының орталық аудандық ауруханасы МКК хирург дәрігері. 2005-2007 жылдары-урология бойынша клиникалық ординатура. 2007-2010 жылдары Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығында урология саласындағы инновациялық технологияларды әзірлеу бөлімінде кіші ғылыми қызметкері.
2010-2013-ШЖҚ "Қарасай аудандық орталық ауруханасы"МКК директоры. 2013 жылдан бастап "Ақ бұлақ "шипажайы"ЖШС Бас директоры болып жұмыс атқардым. 2017 жылдан 2018 жылға дейін Үшқоңыр ауылдық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істедім. 2018 жылдан бастап (қазіргі уақытқа дейін) "Жамбыл аудандық орталық ауруханасының"директоры болып жұмыс істеймін. 3 баланың әкесімін.
2010 жылдың 10 қарашасында "Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы" медалімен марапатталдым.
2011 жылдың 14 маусымында "1986-2011 жылдары Чернобыль АЭС 20 жылдығы" медалімен марапатталдым.
2011 жылдың 29 тамызында "ядролық полигонның жабылуының 20 жылдығы" медалімен марапатталдым.