- Блогтар
- Аманшиева Б. С.
Аманшиева Б. С.
«Ақ бота» балабақша меңгеруші
Аманшиева Б. С.
«Ақ бота» балабақша меңгеруші
Мен Аманшиева Бакытгуль Сырымовна 1983 жылы 27 қазанда БҚО Ақжайық ауданында қарапайым отбасында дүниеге келдім.
1989 жылы бірінші сынып табалдырығын аттап, 2000жылы мектеп бітірдім. Сол жылы Орал қаласындағы Ж. Досмұханбетов атындағы педагогикалық колледжінің «Бастауыш сынып мұғалемі» факультетіне түсіп, 2003жылы бітірдім. Алған мамандығым бойынша Орал қаласының №12 мектепте уақытша қызмет атқардым. 2006жылы Орал қаласының №25 мектебіне уақытша жұмысқа тұрдым. 2008жылы тұрмысқа шықтым. 2007жылдан 2010жыл аралығында БҚ гуманитарлық академиясының «Бастауышты оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы бойынша сырттай бөлімде білім алдым. 2011 жылы Зеленов аудандық білім беру бөлімінің Махамбет жалпы орта білім беретін мектебіне бастауыш сынып мұғалемі қызыметіне орналастым. 2012 жылы өткізілген конкурс негізінде Зеленов аудандық білім беру бөлімінің «Ақ бота» мектепке дейінгі ұйымына меңгеруші болып тағайындалдым. 2014 жылы БҚ инновациялық-технологиялық университетіне түсіп 2016жылы «Мектепке дейінгі оқытумен тәрбиелеу» мамандығы бойынша диплом алдым. Қазіргі таңда қызметімді аталған балабақшада меңгеруші лауазымында жалғастырудамын.