- Блогтар
- Иманалиев Д. Ж.
Иманалиев Д. Ж.
ШЖҚ "Балқаш аудандық орталық ауруханасы" МКК директоры»
Қайырлы күн!
Мен Алматы облысының Балқаш ауданы ШЖҚ «Балқаш аудандық орталық ауруханасы» МКК-нің жетекшісімін.Орталық аурухана Балқаш ауданы Бақанас ауылында орналасқан.
2021 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша аудан халқының саны 30700-ді құраса, оның 14 жасқа дейінгісі 7837 адам, 1 жасқа дейінгі балалар - 298 бала, жасөспірімдер – 1299 адам. РПН бойынша 26 406 адам.
Аудан тұрғындарына аудандық орталық аурухана, 5 ауылдық аурухана, 2 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 8 медициналық пункт жұмыс жасайды. Орталық ауруханада қабылдау бөлімі, терапия, балалар, жұқпалы аурулар, хирургия, реанимация, перзентхана бөлімдері, емхана, зертхана, физиокабинет, ультрадыбыстық зерттеу кабинеттерімен қамтылған.
Ауруханамызда 2 акушер-гинеколог дәрігер, 11 жалпы практикалық дәрігер, 3 хирург дәрігер, 1 неонатолог дәрігер, 1 окулист дәрігері, 4 стоматолог дәрігері, 2 реаниматолог-анестезиолог дәрігері, 1 психиатор-нарколог дәрігері, 5 педиатр дәрігері, 1 онколог дәрігері 1 невропатолог дәрігерлері жұмыс атқаруда, орта буын қызметкерлері толық қамтылған.
Біздің ұйымның қызметі арқасында біз науқастар мен жарақат алғандардың өмірін сақтай аламыз. Осы үлкен жұмыстың нәтижесінде мыңдаған адамдардың өмірі сақталды. Мен сізді мейірімділікке, азаматтық белсенділікке, науқастар мен зардап шеккендерге көмектесуге шақырамын.