Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 0
  • 25.03.2024, 09:00
  • 29.03.2024, 18:00

Айдаров Мирамбек 26.03.2024, 16:51, Сұрақ нөмірі: 12815

  • 0

Ақжайық ауданы бойынша азия бетіндегі жолдар неге күтіп ұстау жұмыстары болмайды. Осы көктемде бол ма. Сондай-ақ Базаршолан Тайпақ ортасындағы жол туралы да айтып кетсеңіздер. Басқа сұрақ жоқ. Алдын ала рақмет

БАИСОВА АЙНАГҮЛ 29.03.2024, 16:42

Барбастау-Ақжайық-Индер облыстық маңызы бар автомобилшь жолы Автожолдың ұзындығы 307 км құрайды, оның ішінде: асфальтбетон жабыны бар – 86 км; қиыршық тас-қиыршық тас жабыны бар - 221 км. Облыстық маңызы бар «Барбастау-Ақжайық-Индер» автомобиль жолының 0-108 км күтіп – ұстау бойынша мердігер мекемені анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде, нәтижесі 8 сәуірде шығады. Облыстық маңызы бар «Барбастау-Ақжайық-Индер» автомобиль жолының 108-307 км күтіп – ұстау «Шамшын» ЖШС жүргізуде. Мердігер мекемеге тиісті жұмыстар жүргізуге ұйғарым берілді. Жоспарға сай жұмыстар жүргізілетін болады. Барбастау-Ақжайық-Индер автожолын қайта жаңарту өзеннің оң жағалауында орналасқан «Атырау-Орал» Республикалық жолын осы жолға балама ретінде айтарлықтай түсіруге мүмкіндік береді. Алайда, 86-307 км учаскесінде асфальттың болмауына байланысты қауіпсіз және үздіксіз көлік қатынасы қамтамасыз етілмейді. Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар «Барбастау-Ақжайық-Индер автомобиль жолынын 43-93км реконструкциялау» бойынша мердігер «Юнисерв» ЖШС компаниясы, техникалық қадағалауды «Құрылысмаркетинг» ЖШС және авторлық қадағалау «Diamond Project LTD» ЖШС компаниясы ұсынады. Аталмыш жобада бойынша 2024 жылға дейін 50 км-дің 43 км салынды, 2024 жылы қалған 7 км-нің толықтай аяқтау жоспарда. Сонымен қатар ағымдағы жылы облыстық маңызы бар «Барбастау-Ақжайық-Индер» автомобиль жолының 93-145 км дейін күрделі жөндеу жүргізіледі. Жыл жоспарына сай бөлінген қаражатқа 10 км автомобиль жолын салу жоспарда.

БАИСОВА АЙНАГҮЛ 29.03.2024, 16:53

Аудандық маңызы бар "Базаршолан-Тайпақ" автомобиль жолын және Жайықтың оң жақ бетінде орналасқан ауылдардың кіреберіс жолын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстаушы мердігер мекеме "ЖайықЖолҚұрылыс" ЖШС. Жолдарды күтіп ұстау оның ішінде жүріс бөлігін бейіндеу жөніндегі жұмыстар ауа райы жағдайлары жақсарғаннан және арнайы жол техникасының өтуі үшін қолайлы жол жағдайлары басталғаннан кейін жүргізілетін болады