Санаттар: БІЛІМ
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Күн мен түн теңеліп, тіршіліктің жаңаруы, жаңғыруы басталатын осы бір тамаша мерекеде игілікті істеріңіздің барлығына береке тілеймін.
Биылғы Наурыз мерекесінің әлем қауымдастығы үшін маңызы тіптен айрықша. Себебі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Наурызды халықаралық мереке ретінде атап өту жөнінде шешім қабылдады.
Жалпы, Наурыз - қазақ халқы үшін ежелден-ақ бірліктің, ағайын-туыс арасындағы татулықтың, ырыс пен ынтымақтың мейрамы болып келген. Ендеше, игілікті дәстүр жалғасын таба берсін, ақ мол болсын, жаңа жыл елімізге құт әкелсін!
Самарқанның көк тасы иіген осы бір айтулы күні баршаңыздың деніңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін!
Құрметпен, ҚР Білім және ғылым министрі
Ж.Түймебаев
Уважаемые коллеги-работники сферы образования и науки!
Поздравляю вас с Наурыз мейрамы! «Наурыз» означает «рождение весны». Зародившись более 3000 лет тому назад древний праздник Востока стал символом и предвестником обновления и изобилия.
Нынче этот светлый праздник особенный для всего мирового сообщества. Решением Генеральной Ассамблеи ООН 21 марта признана Международным днем Наурыз.
В этот светлый день пусть ваш дом озарится торжеством любви, благополучия, радости, а болезни, неудачи, невзгоды обходят стороной. От всей души желаю добра, успехов, счастья и крепкого здоровья. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!
С уважением, Министр образования и науки РК
Ж.Туймебаев