logo
114316
Поступивших обращений
Джаксыбеков А. Р.
Министр обороны РК
3 марта 2010 г. №33541
ЕРҒАЛИ Серік
Автору блога: Министр обороны РК
Категории: Культура и информация

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Ә.Р.Жақсыбековке Құрметті Әділбек Рыскелдіұлы! Біздің елімізде 20-22 Наурыз мерекесі аталатын жаңа жыл мейрамы болып табылады. Бұл мерекеге елімізде соңғы кездері ерекше назар аударылып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті, Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылғы Наурызды мерекелеу кезінде: «Түптеп келгенде біздің нағыз жаңа жылымыз осы наурыз болуы қажет. 1-қаңтарды Петр бірінші о заманда, осыдан 300 жыл бұрын Ресейге алып келді, батыстан, Еуропадан. Ресейден бір үйреніп, бірінші қаңтарды айтып жүрміз. Қытай халқы ақпанның ортасында өз жаңа жылын бір апта бойы тойлайды, корей халқы да, жалпы барлық шығыс халықтары солай. Біз де түбінде осы мерекемізге келуіміз керек. Бұл халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі болып саналады» - деп ұлы мерекемізге әлі маңыз берілу қажеттігін ескерткен еді. Шынында да Ұлыстың ұлы күні есептелетін Наурыз мерекесі өз мәнін жоғалтып, этнографиялық еске алу күніне айналды, атрибуттары айқындалмаған, ғұрыптары жұтаң тартуда. Осыған байланысты, «ДемОрда» қоғамдық қоры Бұл жобаның аясында Наурыз атрибуттары мен жүйеленген ұғымдар және арнайы 5 нұсқалы сценарий жасақталған. Жоба ғылыми жағынан арнайы Наурыз туралы зерттеме еңбекке негізделген. Сізге ұлтымыздың Наурыз мерекесін қазақтың Жаңа жылы деңгейіне көтеруге атсалысуға ұсыныс ете отырып, министрлік қызметшілеріне биыл жаңаша Наурыз мерекесін лайықты түрде өткізуге шақырамыз. «ДемОрда» қоғамдық қоры бұл үшін мерекелік жарқын шараны өткізуді ұйымдастыруға әзір екенін жеткіземіз. Құрметпен: С. Ерғали, «ДемОрда» қоғамдық қоры Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы erser61@mail.ru Тел. (7172) 742992 Қол тел. 8701 743 7321 Шығыс № 20 3 наурыз 2010 ж.
Ответы (1)
19 марта 2010 г.

Қүрметті Серік Ерғали!

Бейбітшілік мен келісімнің, бақыт пен қуаныштың, гүлдену мен кең пейілділіктің бейнесін беретін шығыс халықтарының ең айтулы және көне мерекесі — Наурыз мейрамын Қазақстан Республикасында күллі халықпен атап өту ізгі дәстүрге айланды.
Көнеден келе жатқан Наурыз мейрамы Қазақстан Республикасында түрып жатқан халықтармен бүгінгі күнде Көктемнің сүйікті мерекесі мен жаңару, еңбек пен жасампаздық, ағайындық татулық пен үлттық келісім ретінде аталады.
Сізге ҚР Қорғаныс министрлігінің қызметшілері үшін Наурыз мейрамын мерекелеу жөнінде іс-шаралар өткізу туралы үсынысыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Біз елорда - Астана қаласының барлық түрғындары сияқты қала әкімдігі үйымдастырған іс-шараларға қатысамыз.