7 мая 2010 г.
Жеңіс күнімен!
Құрметті Отандастар !!!
Халқымыз үшін өзіндік орны бар, үлкен тарихи маңызға ие мәртебелі де
мерейлі 9 мамыр мерекесі келіп жетті.
Ұлы Отан соғысының жеңіспен
аяқталғанына биыл 65 жыл толып отыр. Бұл сол кездегі кеңес халқының
ержүректілігі мен төзімділіктерін паш еткен,бірлігі мен ынтымағын көрсеткен ,
тарихта алтын әріптермен жазылған күн. Бұл күн сұрапыл соғыста кеудесін Отаны
үшін отқа тосып, жігерлілік пен қайсарлылықтың шыңынан көріне білген, өрлік пен
ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардақты ардагерлеріміз үшін қаншалықты ыстық
болса, осындай баянды бақыт пен кемелді келешек сыйлаған бұл мереке біз үшін
өте маңызды.Соғыс ардагерлерінің көзсіз ерліктері біз үшін мақтаныш,өшпес мұра.
Біздің борышымыз – осы жеңістің
маңыздылығын бағалап, Ұлы Отан соғысын және оның қасіретін ұмытпау, Елі үшін жанның қиған аптал азаматтардың
есімдерін мәңгі есте сақтау, тірілерін дәріптеу.
Ардагерлеріміздің ерлік істері
әрқашан бізге өрелі өнеге. Ардагерге зор
денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман, аспанымыз ашық,
болашағымыз жарқын болсын!
Мәңгілік батырларға мың – тағзым!
Зор
құрметпен М. Есенбаев
Дорогие
соотечественники!
Поздравляем Вас с Днем
Победы!
Этот день имеет для
нас неоценимое значение. Благодаря героизму наших ветеранов мы победили в
Великой Отечественной войне, подвиг которых навсегда останется в памяти
благодарных потомков.
Желаем Вам крепкого
здоровья и благополучия вашим семьям.
Низкий поклон Вам,
дорогие ветераны. Пусть всегда будет мир и согласие в нашем общем доме.
С уважением М.Есенбаев






