Санаттар: БІЛІМ
Құрметті Жансейіт Түймебаев мырза!
Мен, Абылов Оралбай, Қарақалпақстан Республикасынан квотадан тыс тарихи Отанына 2005 жылы оралган, оралмандардың бірімін, білімім жоғары, 5 жылдан бері Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласында мамандығым бойынша дене шынықтыру мұғалімі болып істеймін. Бұрынғы тұрған елде 1 санаттағы мұғалім едім, Қазақстанда бұл санатым жарамсыз болып қалды. Жылыой аудандық білім беру бөліміне хабарласқанымда ол жердегілер 1 жылдан соң кел, сол уақытта береміз деген,1 жылдан кейін барғанымда, 3 жылдан соң кел деген жауап алып әуре-сарсаңға түскен жайым бар, биыл жолығып, аттестациялауға арыз бергенімде 1 санатқа емес, 2 санатқа арыз жазғыэды, Менің сұрағым: сонда менің бұрынғы 1 санатым берілмей ме? Не үшін? Жауабыңызға алдын ала алғыс білдіремін. Құрметпен, Абылов Оралбай.
Жауаптар
28.01.2010 15:16:38 #
Сіздің көтерген мәселеңіз, 2010 жылғы 22 қаңтардағы Білім және ғылым министрінің «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» № 16 бұйрығының 45-тармағында қарастырылған. Аталған тармақта алыс және жақын шет елдерден келген педагог қызметкерлердің санатын білімін, еңбек өтілін, біліктілік санатын растайтын құжаттары болған жағдайда педагог қызметкердің санаты 2 жылға дейін сақталады. Осыған байланысты педагог қызметкер Қазақстанға келген соң бір жыл жұмыс істеп, екінші жылы аттестаттаудан өтеді. Министрлік жоғарыда аталған бұйрық негізінде педагог қызметкерлерді аттестаттау 2010-2011 оқу жылында жүргізілетіндігін хабарлайды.