logo
49712
The applications received
Tuimebayev Zh.K.
Minister of Education and Science of the RK
Monday, May 25, 2009

Bell


Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер!

Міне, бүгін сыңғыры барлығымыздың жадымызда мәңгілікке жатталып қалған соңғы қоңырау салтанаты да келіп жетті. Бұл шақ – кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыздың ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасатын толқулы шағы. Қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы балалықтың бал дәуренін артқа тастап, үлкен өмірге жолдама алатын аяулы кезең.
 Қадірлі түлектер, «тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» - деп белгілі ақынымыз жырлағандай, сендер міне, алтын ұя мектептеріңмен қоштасып, өмірдің келесі белесіне қадам басқалы отырсыңдар. Өмір жолы – қызығы мен шыжығы қатар жүретін сан қилы жол. Оның дауылына төтеп берудің бір ғана амалы – білім нәрімен неғұрлым сусындау. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген.
Бүгінде Егеменді Қазақстанда сендердің сапалы білім алуларыңа барлық жағдай жасалып жатыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім саласына қашан да ерекше назар аударып келеді. Биылғы жылдың өзінде жаһандық дағдарыс салдарынан оқу ақысын төлей алмаған студенттер үшін жеңілдіктер қарастырылып, қосымша білім беру гранттары мен жеңілдетілген несиелер бөлінді.
Оның сыртында, президенттік «Болашақ» бағдарламасымен шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында білім алушылар қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Былтырдан бастап осы бағдарлама аясында ауылдық жерлерде білім алған жастарға жеңілдіктер қарастырылды. Осының барлығы да сендердің келекшекте бәсекегеқабілетті білікті маман болып қалыптасуларың үшін жасалып жатқан шаралар. Өйткені, өмірде өшпейтін іс – балаға берген білім, мейірім болса керек. Бүгінгі жас – ертеңгі болашақ. Сондықтан, қадамдарыңа гүл бітсін, Ұлттық бірыңғай тест тапсыру сияқты сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтарыңның иесі атануларыңа тілектеспін. Бойларыңа білім нәрін сепкен ұстаздарыңның үмітін ақтап, биіктерден көрініңдер! Ұстаз алдында ақын да, жазушы да, ғарышкер де, тіпті Елбасы да бас иіп тағзым ететінін мәңгілік естеріңнен шығармаңдар! Ақ жол, аяулы түлектер!

Құрметпен, Жансейіт Түймебаев 

 Дорогие выпускники!

Чистый и легкий звон колокольчика, возвещающий о завершении школьной поры, навевает на серьезные размышления не только выпускников в нарядных платьях и костюмах.Разве не чудо научиться читать, писать, облекать самые сокровенные мысли в изящные словесные формы, считать, хотя бы изредка звезды? Всем этим мы обязаны мудрым учителям, естественно, через их старания и труды – родной школе. Ведь именно там закладывается характер человека. Формируется его мировоззрение. Накапливается багаж знаний, так необходимых во взрослой жизни. Для вас сегодня, дорогие наши выпускники, прозвенит последний звонок. Немного станет грустно, ведь навсегда от вас уходит беззаботное детство, а впереди взрослая жизнь. Какова она, как найти в ней достойное место? Быть всегда востребованным, нужным близким, обществу, Родине… А такими, как известно, могут быть подлинные личности, обладающие наряду с важными человеческими качествами глубокими и многосторонними знаниями. Потому что знание — это главное богатство цивилизованного мира, вечная ценность, способная разрушить все границы отчуждения и объединить разные культуры, сделать жизнь достойной.Дорогие выпускники, желаю вам доброго пути! Здоровья и благополучия, дерзновенных поисков и ярких открытий во имя родной страны!

С искренним поздравлением, Жансеит Туймебаев



Comments (2)
Tuesday, June 16, 2009
Молдабаев Сұлтан Саятұлы
Құрметті Жансеит Туймебаев ағай! Мен 11 сынып оқушысы сонымен қатар қоғамның бір белді мүшесі болғандықтан биылғы жылғы білім және ғылым министрлігінің барлық іс әрекетіне, әсіресе ҰБТ әділ, көңілге қонымды өткеніне ризамын! (өзімнің жолым онша болмай қалса да) "Өмір жолы – қызығы мен шыжығы қатар жүретін сан қилы жол" деген сөзіңізді медет тұтамын да. Оның дауылына төтеп беремін.
Wednesday, June 03, 2009
A'izha Akparov
Хоть я и выпускник 2004 года, а не 2009 года, было очень приятно читать Ваши теплые слова, которые возвратили меня обратно в то незабываемое лето. Успехов Вам и вашим коллегам! Надеюсь, когда-нибудь внесу свой вклад в образовательную систему своей родины.

ATTENTION

In comments, you have to write your comment, not a question, any questions will be removed by moderator. You may ask a question pressing on this link Ask.

In this post all incoming comments will be moderated unless comment do not appeared



New comment

Author*:
Email*:
Comment*:
Enter symbols from the picture:
I can't see the picture, show me another one!