Автору блога: Министр юстиции РК
Категории: О работе государственных органов (госуслуги)
Құрметті Әділет Министрі! Менің қызым 11 сыныпты биылғы оқу жылында бітіргелі отыр. Біз Павлодар облысы, Железин ауданында тұрамыз. Осы 11.03.2010 жылға дейін қызым Мухаметкалиева Мөлдір Берікболатқызында жекебасының куәлігі жоқ. Ол 1992 жылы туылған. Оған себеп болып отырған мына жай. Қызымның туу туралы куәлігі жарамсыз болып қалды. Оның жаңасын ауыстыру үшін туған жері Семей облысы, Аягөз ауданынан туу туралы куәліктің акт жазбаларын бермей отыр. 2009 жылдың қазан айынан бері бұл мәселені шешілмей жатыр. Көмек көрсетуіңізді сұраймын. Жауап күтемін. Ізетпен Солдатбай Ардагул Солдатбайқызы.






