Абдыкаликова Г.Н.
Министр труда и социальной защиты населения РК
Уважаемые гости!
Я рада приветствовать Вас на страницах моего интернет-блога!
Здесь Вы сможете узнавать последние новости из области социальной и миграционной политики, трудовых отношений, о законопроектах, о принимаемых мерах для реализации Послания Президента Республики Казахстан и повышения уровня благосостояния, качества жизни каждого казахстанца.
Уверена, что этот блог не просто средство нашего с вами общения, но и правильный путь к решению насущных проблем.
У каждого посетителя есть возможность оставлять свои комментарии, задавать вопросы, вносить предложения. Именно так мы сможем исправить недочеты, улучшить качество и результат работы министерства. Надеюсь, что это общение будет полезным для всех нас.
Готова дать компетентные ответы на ваши вопросы, ваши идеи и предложения я непременно буду внимательно изучать и учитывать в своей работе. А для того, чтобы иметь возможность обратной связи не только посредством блога, прошу вас оставлять свои контакты. Это поможет нам при необходимости быстро связаться с вами.
Министр труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан Гульшара Абдыкаликова
14 марта 2010 г. №34474
Сарыбаева Динара
Автору блога: Министр труда и социальной защиты населения РК
Категории: Социальное обеспечение
Менің әкем 1958 жылдан бастап 40жылдық еңбек өтілі бар. Бірақ соңғы 3жылда совхоз реорганизация болып, жұмыссыз қалған. Зейнетке шығар кезінде одан 1995жылдан бастап табыс талап еткен. 1995 жылға дейіңгі табыс анықтамасын қабылдамай, табыссыздар қатарында ең томенгі зейнетақы-жәрдемақы тағайындалған. Сонда оның 40жылдық еңбегіне зейнетақы тағайындалмайма?
Ответы (2)
15 марта 2010 г.
Масимов К.К.
Сұрағыңыз келесі адрес бойынша жіберілді - Абдыкаликова Г.Н.
Сұрақты қарағыңыз келсе, осы линкті шертіңіз.
31 марта 2010 г.
Абдыкаликова Г.
Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.Зейнетақы – қызмет атқарған уақыттағы табыстың бір бөлігін өтеу. Зейнетақы мөлшері зейнеткердің зейнеткерлікке шығатын кезіндегі кәсібіне не сіңірген жеке еңбегіне байланысты болмауға тиіс. Жалақының мөлшері орындалатын жұмыстың көлемі мен күрделілігіне, қызметкердің біліктілігіне қарай белгіленеді, ал зейнетақы бұрын алған табыстың орнын алмастырады. Осыған байланысты, қолданыстағы зейнетақы заңнамаларында зейнетақы төлемдерінің мөлшері жұмыс стажына және орташа айлық табысқа тәуелді деп белгіленген.«Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төмен нормалары туралы» Халықаралық Еңбек Ұйымының 102 Конвенциясына сәйкес көп жүйе шеңберінде зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде ескерілетін жылдардың саны шектеледі, яғни ең жоғары шек белгіленеді. Әдетте, ең өнімді еңбек кезеңі 30 және 45 жыл аралығында болады. Кейбір жүйелер бойынша аталған кезең зейнеткердің жынысына байланысты өзгеруі мүмкін. Бұндай жағдайда, табысы бірдей болған кезде стажы аз болса да, әйелге ер адамға берілетін зейнетақы төленетін болады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабы 2-тармағына сәйкес төленетін зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерін есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. 1995 жылдан бастап кезеңге табысты есетеу бойынша норма мынадай негіздер бойынша негізделеді.Халықаралық Еңбек Ұйымы жеке зейнетақы мөлшерін зейнеткерлікке шығар алдындағы кезеңдегі не барлық еңбек кезеңі бойынша табыс деңгейіне байланысты белгілеуді ұсынады.Егер қарастырылып отырған табысты ескеру кезеңі ұзақ уақытты қамтыса немесе ол тым алшақ жылдар болса, онда тым алшақ кезеңге ескерілген табыстар зейнетақыға өтініш берген сәтте нақты табыс деңгейін көрсетпеу қауіпі туындайды.Осындай проблеманы болдырмау мақсатында Қазақстанда зейнеткерлікке шығар алдындағы табысты ескеру түрі қабылданды.Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді, яғни 1995 жылдан бастап ұсынылған табыс зейнеткерлікке шығар алдындағы табыстың деңгейіне сәйкес келеді.Бұл ретте 1995 жылдан бастап зейнетақыны есептеу үшін табысты ескеру нормаларын қабылдауды негіздейтін бір қатар әлеуметтік-экономикалық факторлар бар:1993 жылдан бастап Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілді, сондықтан кеңес уақыты кезінде алынған табыстар бұрынғы ақша бірлігін теңгеге айырбастауды қажет етеді, бұны дәлме-дәл жүзеге асыру мүмкін емес;1992-1994 жылдары инфляцияның жоғары деңгейі болды, ол тек 1995 жылдан бастап қана тұрақтала бастады.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің параметрлерін одан әрі жетілдіру және еңбек стажы мен зейнеткерлікке шығу алдындағы табысына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған іс-шаралар жосарын әзірлеу қарастырылған.Аталған іс-шаралар аясында сұрақта көтерілген мәселелер қарастырылып, есепке алынатын болады.






