|
|
- ҚР Премьер-Министрi
-
Мәсімов К.Қ.
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы
1965 жылы туған. Пекиндегі Тілдер институтын, Ухань заң университетін, Қазақ Мемлекеттік экономика университетін бітірген. АҚШ-тың Колумбия университетінде тағылымдамадан өтті. Экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген. Еңбек министрлігінде бас экономист, бөлім бастығы, одан кейін республика Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Үрімші (ҚХР) қаласындағы өкілдігінің аға маманы, Гонконгтағы Қазақстан сауда үйінің атқарушы директоры, кейіннен Алматы сауда-қаржы және Халық жинақ банктерінің басқарма төрағасы болып сайланды. Көлік және коммуникация министрі, Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалған.
2003 жылдың маусымынан Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі,
2006 жылдың қаңтарынан бастап Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарған.
2007 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi.
- Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасы
-
Қожамжаров Қ.П.
ҚОЖАМЖАРОВ ҚАЙРАТ ПЕРНЕШҰЛЫ
1965 жылы туылған. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.
1987 жылдан 1995 жылға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарында қызмет өткерді.
1995 жылғы қыркүйек 1998 жылғы наурыз аралығында кеден органдарында қызмет етті.
1999 жылғы шілде осы уақытқа дейінгі аралықта қаржы полициясы органдарында қызмет етеді. Әр түрлі лауазымдарда: 2001 жылғы ақпаннан бастап Агенттіктің тергеу басқармасының бастығы,
2002 жылғы ақпан 2004 жылғы мамыр аралығында Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары, 2004 жылғы мамырдан 2007 жылғы қаңтарға дейінгі аралықта Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы,
2007 жылғы қаңтар 2008 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
2008 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасы. Қаржы полициясының генерал-майоры.
- Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
-
Жақсыбеков Ә. Р.
ЖақсыбековӘділбекРыскелдіұлы
1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған.
Мерзімді әскери қызметін Кеңес армиясының қатарында Қызыл Тулы Сібір әскери округінде өтеген .
1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетін бітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Қазақ КСР Мемкино және Мемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған. 1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды. 1996 жылы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалады.
1997 жылғы желтоқсан мен 2003 жылғы маусым аралығында – Астана қаласының әкімі. 2003 жылғы маусым мен 2004 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2004 жылғы желтоқсаннан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2008 жылғы 23 қаңтар мен 13 қазан аралығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары – ҚР Президентінің кеңесшісі.
2008 жылғы қараша мен 2009 жылғы маусым кезеңінде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.
ҚР Футбол Федерациясының Президенті. 2008 жылы Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» архитектуралық кешені үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
- ҚР Ішкі істер министрі
-
Баймағанбетов С.Н.
Серік Нұртайұлы Баймағанбетов
1958 жылы туған. М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетін, КСРО Ішкі істер министрлігінің академиясын тәмамдаған, заң ғылымдарының кандидаты.
1980-1992 жылдары ішкі істер органдарында әртүрлі лауазымдар атқарды.
1992-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде басшы лауазымдарда жұмыс істеді.
2001-2007 жылдары Ішкі істер вице-министрі, Әділет вице-министрі, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2009 жылғы 2-шісәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.
2001 жылдың желтоқсанында ішкі қызмет генерал-майоры атағы берілді. "Құрмет"орденімен марапатталған.
- ҚР Индустрия және сауда министрі
-
Исекешев Ә. Ө.
Исекешев Әсет Өрентайұлы
1971 жылғы 17 тамызда Қарағанды қаласында туған.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің заң факультетін, 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін аяқтады.
1995-1997 жылдары Медеу ауданы прокурорының тағылымдамадан өтушісі, көмекшісі, аға көмекшісі; ҰЖМБМ тыңдаушысы (1997-98 жылдары).
1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы болып жұмыс істеді.
1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеу және бақылау департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2000 - 2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ президенті, 2002 жылға дейін жеке секторда жұмыс істеді.
2002 жылғы қараша - 2003 жылғы маусым – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.
2003 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі.
2006 жылдан бастап – «Қазына» Орнықты даму қоры» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары.
2007 жылдан 2008 жылға дейін – «Credit Swiss (Қазақстан)» ЖШС қаржылық жобалау маркетингі бойынша директоры.
2008 жылғы наурыз-мамыр – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
2009 жылғы мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі.
- ҚР Туризм және спорт министрі
-
Досмұхамбетов Т.М.
Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетов
1949 жылы 8 наурызда Қостанай облысы, Денисов ауданы, Мениславка ауылында дүниеге келген. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша білім алған және Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, заңгер біліктілігі бар. Педогогика ғылымдарының кандидаты. Профессор. 1972-1973 жылдары Кеңес Әскері қатарында әскери борышын өтеген.
Еңбек жолын 1973 жылы ҚазМУ-де оқытушылықтан бастаған. 1985 жылға дейін Ыстықкөлдегі сауықтыру лагерінің директоры, спорт клубының төрағасы болды. 1985 жылдан 1991 жылға дейін «Еңбек резервтері» ерікті спорт қоғамының Қазақ республикалық кеңесі төрағасы, «Интурист-Қазақстан» ұлттық компаниясының бас директоры, «Яссауи» мемлекеттік акционерлік компаниясының президенті (1991-1996) болып жұмыс істеді.
1996 жылдың ақпанынан 1997 жылдың сәуіріне дейін ҚР Жастар ісі, туризм және спорт министрі қызметінде болды. 1997 жылы ҚР Білім және мәдениет министрлігі Туризм және спорт департаментінің директоры (1997 жыл сәуір – 1997 жыл қараша).
1997 жылдың қараша айынан бастап 1998 жылдың қыркүйегіне дейін ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Туризм және спорт комитетінің төрағасы. ҚР Президентінің іс басқарушысы (1998 жыл қыркүйек – 2003 жыл маусым). 2003 жылы маусымда Астана қаласының әкімі болып тағайындалды. 2004 жылдың наурыз айынан бастап ҚР Президентінің іс басқарушысы қызметіне қайта тағайындалды.
2006 жылдың наурыз айында Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-ші сайланым депутаты, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, Дүниежүзілік туристік ұйымының вице-президенті және Азиялық Олимпиада комитетінің вице-президенті.
II дәрежелі «Барыс» ордені мемлекеттік наградасының, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің екі грамотасының иегері. «Ресей Федерациясы халықтарының достығы» орденінің иегері. «ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы». «Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері» құрмет атағы бар.
- ҚР Төтенше жағдайлар министрі
-
Божко В.К.
Божко В.К.
1949 жылдың 16 мамырында Алматы қаласында туған. Білім жоғарғы. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Минск қаласындағы КСРО МҚК жоғарғы курсын бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент. Генерал-лейтенант. 2007 жылдың қараша айынан Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министрі. Мемлекеттік және халықаралық марапаттардың иегері.
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi
-
Әбдіхалықова Г.Н.
<p>Кешірім өтінеміз. Жуыр арада қажетті ақпарат орналасатын болады.</p>
- ҚР Әдiлет министрi
-
Түсіпбеков Р.Т.
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы 1955 жылы 28 қаңтарда Шымкент қаласында дүниеге келді.
1962 жылдан Қарағанды қаласында тұрды, 1973 жылы ондағы № 3 орта мектепті бітірді.
Мектепті аяқтаған соң Қарағанды облаткомның өрттен қорғау қызметінде жүргізуші болып жұмыс істеді.
Әскерден оралған соң 1976 жылы тамызда Қарағанды мемлекеттік университеті заң факультетінің күндізгі бөлімінің бірінші курсына қабылданып, оны 1981 жылы өте жақсы бағамен аяқтады.
Қарағанды қаласы Совет аудандық халық сотында үш айлық сынақтан өткен соң 1981 жылы қараша айында халық судьясы болып тағайындалды.
1984 жылдан 1993 жылға дейін Қарағанды облысы Нұра аудандық соты төрағасының қызметін атқарды.
1993 жылдан 1999 жылға дейін Қарағанды облысы сотының төрағасы болды.
1999 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалығына тағайындалды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты төрағасы міндетін атқарды.
2000 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің төрағасы болды.
2000 жылдың 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалды.
2005 жылдың 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып екінші рет конституциялық мерзімге тағайындалды.
Мемлекет алдындағы қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін 2003 жылдың 8 желтоқсанда 2 дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын алған.
Мемлекеттік 2-ші дәрежелі әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
2009 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды.
Үйленген, төрт ұлы бар.
- Денсаулық сақтау министрi
-
Досқалиев Ж.А.
Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев
1955 жылғы 30 қарашада Ақтөбе облысы Алға қаласында туған.
Білімі жоғары. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. Кейіннен КСРО МҒА Бүкілодақтық хирургия ғылыми орталығында клиникалық ординатураны бітірген. Медицина ғылымының докторы, профессор, ҚР МҒА академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденімен, М.Ломоносов орденімен және «Гипократ» орденімен марапатталған.
200-ден астам ғылыми еңбектің, 12 монографияның, 50-ден астам өнертабыстың авторы.
|
|