Автор: Түймебаев Ж.Қ.
Санаттар: БІЛІМ

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жолдауында білім және ғылым саласын дамыту бойынша бірқатар басымдықтарға тоқталды. Бұл, ең алдымен, сәуір айынан бастап білім қызметкерлері үшін жалақы көлемін арттыру, 2020 жылға дейін мектепке дейінгі балаларға арналған мекемелермен 100 пайызға қамтамасыз ету, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу және т.б. Қазіргі кезде балабақшамен қамтамасыз ету 38,5 пайызды құрайды. Елбасы «2020 жылға қарай барлық, ауылдық және қалалық жерлердегі балалар мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемелерімен қамтамасыз етілуі шарт. Бұл үшін біздің мүмкіндіктеріміз де, мемлекеттік-жеке әріптестіктің әлеуеттері де жеткілікті. Жеке, отбасылық балалар бақшасы, арнайы шағын орталықтар мемлекеттік мекемелерге балама бола алады» деді. Осыған орай, «Балапан» бағдарламасын әзірлеп, оны келер жылдан бастап жүзеге асыруды тапсырды.
Ғылым саласы да айрықша аталып өтті. Қазіргі күні «Ғылым туралы» заң жобасы талқылану үстінде. Заңды құжат әлемдік және халықаралық талаптарға сай дайындалып жатыр. Сондықтан осы заңға орай ғылым саласында үлкен өзгерістер болмақ.
Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаев техникалық-кәсіптік және жоғары білімді халықаралық талаптарға сәйкестендіру керектігін айтты. Еліміз жоғары оқу орындары әлемнің алдыңға қатарлы университеттерінің рейтингісінен көріну шарт. Біз осы бағыттағы жұмысты әрі қарай жалғастыра бермекпіз.
Қазіргі күні Астана қаласында халықаралық деңгейдегі университет жобасы іске асырыла бастады. Назарбаев атындағы жаңа университеттің құрылымы, ұйымдастыру принциптері, оқыту әдістемесі және ғылыми зерттеулердің деңгейі жетекші шетел университтер үлгісіне мейлінше жақындатылған. Университет алдында үлкен міндеттер тұр. Елбасы атап өткендей, биылғы жылдың шілдесінен бастап, алғашқы 700 оқушы дайындық курсына қабылданады. Осы университетке балаларды дайындау мақсатында «Тұңғыш Президенттің интеллектуалдық мектептері» бүгінгі күні Астанада, Көкшетау мен Семей қалаларында жұмыс істеп жатыр. Келешекте біз еліміздің барлық аймағында осындай 20 мектеп ашуды жоспарлап отырмыз.
Және де жаңа университет аясында жаңа 3 ғылыми орталық ашылады. Әлемдік ғылыми орталықтармен бірлесіп, жасанды өкпе, жүрек, жасуша секілді органдарды трансплантациялау мәселелерімен айналысатын Ђмір туралы ғылым орталығы, қайта қалпына келетін энергетика, физика, жоғары қуат техникалары мәселелерімен айналысатын энергетикалық зерттеулер орталығы және зертханалық база және конструкторлық бюро қызметін атқаратын дисциплинарлық-инструменталдық инженерлік орталық. Үш орталық та биыл құрылады.
Сонымен қатар арнайы қор құрылады. Ол бойынша, көрнекті ғалымдарды тарту мен ұстаздар үшін арнайы жағдайлар жасау қамтамасыз етіледі.
Осылайша, 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды қызмет етуі тиіс. Жолдауда осы және т.б. жаңа міндеттер қойылды. Алдымызда үлкен жұмыстар тұр, оған біз белсенді түрде кірісетін боламыз.

Автор: Түймебаев Ж.Қ.
Санаттар: БІЛІМ

Президент РК еще на заре становления казахстанской государственности инициировал приоритетность образования. В результате сегодня успешно реализуются образовательные программы «Дарын»,  «Болашак», «Интеллектуальная нация – 2020». 
В послании глава государства отметил: «Качество высшего образования должно отвечать самым высоким международным требованиям. Вузы страны должны стремиться войти в рейтинги ведущих университетов мира». Стремясь к высокому качеству обучения в высшей школе, мы заложили новые принципы финансирования высшего образования, адекватные рыночным условиям и основанные на финансировании не поставщика образовательных услуг, а их получателей через присуждение образовательных грантов.
Слов признательности заслуживает учрежденная Нурсултаном Абишевичем в 1993 году международная стипендия «Болашак»,   в основу которой легла идея содействия талантливой молодежи в получении качественного образования за рубежом.
«Второе дыхание» программа получила благодаря поручению главы государства об увеличении ежегодного числа стипендиатов  «Болашака» до 3000 человек.  Данным решением президент заявил о нас как о государстве, ориентированном на ускоренное повышение уровня знаний собственного населения и развитие кадрового потенциала страны.
Нас не может не радовать, что из года в год увеличивается количество наград, завоеванных нашими учащимися на интеллектуальных соревнованиях международного уровня. Растет число организаций образования для одаренных детей. Если в 2002 году их было 23, то в 2009-м – 107.
Мы горды тем, что Казахстан первым среди стран СНГ будет проводить 51-ю Международную математическую олимпиаду, самое престижное интеллектуальное состязание среди школьников мира. На одной из ежегодных встреч с одаренными детьми президент страны отметил, что мир узнает нашу республику не только в том, что она является независимым государством, успешно проводит экономику и политику страны, но и через молодежь – носителя интеллектуальных ценностей. Логическим продолжением вышеуказанных инициатив по формированию интеллектуальной элиты страны являются новые проекты, предложенные главой государства: «Интеллектуальные школы первого президента» и «Университет им. Назарбаева» в Астане. Перед Университетом им. Назарбаева ставятся  амбициозные задачи. Министерством совместно со Всемирным банком изучен опыт аналогичных проектов в Сингапуре, Катаре, Китае, Саудовской Аравии, Объединенных Арабских Эмиратах. Привлечены к сотрудничеству  эксперты мирового уровня по созданию университетов. Стратегия нового вуза включает:
– партнерство с ведущими вузами мира по академическим программам, кадрам, образовательным технологиям;
– исследовательскую направленность университета, современную научную инфраструктуру. Университет обеспечит связь образования, науки и производства. Для этого будут созданы три исследовательских центра при университете;
– корпоративное управление во главе с попечительским советом и создание эндаумент-фонда. Фонд будет концентрировать государственные и частные вклады, обеспечит финансовую устойчивость университета.
Международный опыт показывает, что в ходе реформ образования в ведущих странах мира (США, Великобритании, Франции, Германии, Канаде, Сингапуре и др.) главным было признано интеллектуальное и нравственное развитие человека, а также применение информационных технологий в образовательном процессе.
Принятие  Государственной программы  информатизации системы среднего образования стало началом процесса внедрения инфокоммуникационных технологий в стране. Невзирая на трудности и дефицит средств того периода, глава государства уделял первостепенное значение  информатизации образования.
Послание предельно ясно и четко отвечает на волнующие каждого гражданина вопросы: какое общество мы строим и какое место Казахстан займет в общем мироустройстве через несколько лет?
Мы воодушевлены обозначенными приоритетами в системе образования.
 Это:
– формирование и реализация национальной программы «Балапан»;
– совершенно новый подход к вопросам развития науки;
– новая инновационная политика и  другие актуальные для нашей сферы аспекты;
– повышение качества высшего образования и вхождение казахстанских университетов в мировые рейтинги;
– создание профессиональных стандартов и национальной квалификационной системы, взаимоувязанной с потребностями экономики;
– открытие нового университета с тремя исследовательскими центрами: науки о жизни, энергетических исследований и междисциплинарного и инструментального центра.

Автор: Түймебаев Ж.Қ.
Санаттар: БІЛІМ

Құрметті әріптестер, қадірлі білім және ғылым саласының қызметкерлері!

Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Келе жатқан Барыс жылы тарих қойнауына еліміздің білім-ғылым саласындағы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі, ғылыми-зерттеу қызметіндегі айтулы жетістіктер мен табыстарға толы жыл болып енсін.  Әрбір отбасына тек қуаныш пен бақыт әкелсін.

Ғаламдағы кез келген қоғам сол мемлекетте өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың білімділігі мен біліктілік деңгейімен өлшенетіні ақиқат. ХХІ ғасыр — ғылым мен техника, ақпарат ғасыры десек, өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттырып, адам ресурсын байытуымыз қажет. Қазақстанның дамыған елдердің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық мақсатына жету үшін де ол зор маңызға ие. Осындай жалпыұлттық ұстанымға қол жеткізу Сіз бен бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.

Осы жолдағы еңбектеріңіз сәтті болсын. «Ұстаз бақыты — шәкірті» демекші, талантты да талапты шәкірттеріңіз көп болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін!

Ізгі ниетпен,

министр Жансейіт Түймебаев

Дорогие  коллеги, работники  сферы образования и науки!

Искренне поздравляю вас с наступающим Новым годом! Несколько веков этот светлый праздник знаменует собой радость обновления, предвестие счастья, надежду на добрые перемены. Пусть миром и созиданием, согласием и благоденствием в Вашем доме  и коллективе запомнится год наступивший. Да и останется он в истории суверенного Казахстана как год весомых достижений в воспитании и обучении молодого поколения, в научно-исследовательской деятельности, в реализации крупных прорывных проектов. Ведь это так важно в век глобализации и высоких технологий для  государства,  избравшего путь созидания, путь к высоким знаниям, характерного демократическому, светскому обществу.

Желаю доброго здоровья, способных и трудолюбивых  учеников, ярких творческих открытий. Счастья и благополучия Вам и Вашим близким в  наступающем Новом году!

 С глубоким уважением,                     

министр Жансеит Туймебаев

Автор: Түймебаев Ж.Қ.
Санаттар: БІЛІМ

 Құрметті ұстаздар! Қымбатты әріптестер!

Сіздерді Мұғалімдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі әрі жалпыхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар. «Ұстаз» сөзінің өзі «Отан», «Ар», «Адамгершілік» сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр. Мұхтар Әуезов тілімен айтсақ, «Ұстаз — ұлы есім». Елбасымыз атап өткендей, Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық–саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті әріптестер! Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Ендеше, Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! «Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті» десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін! Еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін!

Құрметпен, Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев

Дорогие учителя! Уважаемые коллеги!

От всей души поздравляю вас с Днем учителя - с праздником, который без всякого преувеличения можно назвать всенародным. Непросто найти человека, который не вспомнил бы добрым словом своего первого наставника, распахнувшего перед робким первоклашкой двери в чудесный мир знаний. Совсем не случайно у многих народов слово «Учитель» стоит в одном ряду с такими понятиями, как «Отчизна», «Честь», «Благородство». Ведь педагог- это не только благородная профессия, но и настоящее призвание, дело всей жизни, которое требует от человека всех его сил и способностей без остатка. И такая абсолютная самоотдача, конечно, есть подлинное служение Отечеству. Ваша ежедневная работа напряженна и трудна. Да и вряд ли привычное слово «работа» вообще способно выразить суть духовных исканий, смятений и сомнений, присущих настоящему учителю. Ведь ваш труд можно сравнить разве что с нелегким хлебом рудокопа, беспрерывным поиском настоящего ученого, ответственностью первопроходца, горением поэта-правдолюбца. Именно поэтому издавна в почете труд учителя. И в этом - высшая справедливость жизни. «Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет любовь к ученику, как отец, мать, - он будет лучше того учителя, который прочел все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он – совершенный учитель». Эта мысль Льва Толстого как нельзя лучше отражает непреходящий идеал педагогического искусства... В этот светлый праздник желаю вам, дорогие коллеги, успехов и новых творческих достижений! Здоровья, счастья и благополучия вам и вашим близким!

              С глубоким уважением, Министр образования и

               науки Республики Казахстан Ж. Туймебаев

Автор: Түймебаев Ж.Қ.
Санаттар: БІЛІМ

Интернет-конференция

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2009 жылғы 3 қыркүйекте ҚР Үкіметінің www.e.gov.kz порталында “Орта білімнің перспективасы” тақырыбында интернет-конференция өткізеді. Интернет конференцияға қатысушылардың сұрақтарын қабылдау сағат 9-00-ден 16-00-ге дейін ашық, жауаптары осы күні жарияланады. Сұрақтарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев жауап береді.

Интернет-конференция

3 сентября 2009 года Министерство образования и науки Республики Казахстан на портале Правительства РК www.e.gov.kz проводит интернет-конференцию на тему “Перспективы школьного образования”. Интернет-конференция открыта для приема вопросов пользователей с 09.00 до 16.00. На вопросы ответит министр образования и науки РК Жансеит Туймебаев.

Сәлеметсіз бе!

Мен сіздермен өзімнің жеке блогымда кездескеніме қуаныштымын.
Жобаның мақсаты — Білім және ғылым министрлігінің басты жұмыстарымен таныстыру, ғылым-білімге қатысты оқырман сұрақтарына жауап беру.
Осы блог арқылы мен cіздермен тікелей байланыста боламын. Сұрақтарыңыз бен сіздерді толғандырған көкейтесті мәселелерге жауап беруге, ұсыныстар мен ой-пікірлеріңізді ой елегінен өткізіп, назар аударуға тырысамын. Блог қызықты пікір сайыс алаңына айналатынына сенемін.
 
 
Здравствуйте!
 
 Я рад приветствовать вас на личном блоге.
 Главная цель нашего проекта заключается в том, чтобы предоставить посетителям сайта объективную информацию о процессах, происходящих в образовании и науке, деятельности Министерства образования и науки.
 С помощью этого блога я буду в прямом контакте, постараюсь ответить на все ваши вопросы и рассмотреть ваши предложения.
Надеюсь, на объективный и искренный диалог с вами.
 
Hello!
 
  I am pleased to welcome you on my personal blog.
 The main goal of our project is to provide the informations about the processes in the sphere of education and science and about our Ministry.
 I will be in direct contact with you and try to answer to all questions and consider your suggestions.
 I hope that we shall have an objective and frank dialogue.

Автор: Түймебаев Ж.Қ.
Санаттар: БІЛІМ


Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер!

Міне, бүгін сыңғыры барлығымыздың жадымызда мәңгілікке жатталып қалған соңғы қоңырау салтанаты да келіп жетті. Бұл шақ – кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыздың ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасатын толқулы шағы. Қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы балалықтың бал дәуренін артқа тастап, үлкен өмірге жолдама алатын аяулы кезең.
 Қадірлі түлектер, «тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» - деп белгілі ақынымыз жырлағандай, сендер міне, алтын ұя мектептеріңмен қоштасып, өмірдің келесі белесіне қадам басқалы отырсыңдар. Өмір жолы – қызығы мен шыжығы қатар жүретін сан қилы жол. Оның дауылына төтеп берудің бір ғана амалы – білім нәрімен неғұрлым сусындау. «Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген.
Бүгінде Егеменді Қазақстанда сендердің сапалы білім алуларыңа барлық жағдай жасалып жатыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім саласына қашан да ерекше назар аударып келеді. Биылғы жылдың өзінде жаһандық дағдарыс салдарынан оқу ақысын төлей алмаған студенттер үшін жеңілдіктер қарастырылып, қосымша білім беру гранттары мен жеңілдетілген несиелер бөлінді.
Оның сыртында, президенттік «Болашақ» бағдарламасымен шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында білім алушылар қатары жыл өткен сайын көбейіп келеді. Былтырдан бастап осы бағдарлама аясында ауылдық жерлерде білім алған жастарға жеңілдіктер қарастырылды. Осының барлығы да сендердің келекшекте бәсекегеқабілетті білікті маман болып қалыптасуларың үшін жасалып жатқан шаралар. Өйткені, өмірде өшпейтін іс – балаға берген білім, мейірім болса керек. Бүгінгі жас – ертеңгі болашақ. Сондықтан, қадамдарыңа гүл бітсін, Ұлттық бірыңғай тест тапсыру сияқты сын сағаттан сүрінбей өтіп, армандаған мамандықтарыңның иесі атануларыңа тілектеспін. Бойларыңа білім нәрін сепкен ұстаздарыңның үмітін ақтап, биіктерден көрініңдер! Ұстаз алдында ақын да, жазушы да, ғарышкер де, тіпті Елбасы да бас иіп тағзым ететінін мәңгілік естеріңнен шығармаңдар! Ақ жол, аяулы түлектер!

Құрметпен, Жансейіт Түймебаев 

 Дорогие выпускники!

Чистый и легкий звон колокольчика, возвещающий о завершении школьной поры, навевает на серьезные размышления не только выпускников в нарядных платьях и костюмах.Разве не чудо научиться читать, писать, облекать самые сокровенные мысли в изящные словесные формы, считать, хотя бы изредка звезды? Всем этим мы обязаны мудрым учителям, естественно, через их старания и труды – родной школе. Ведь именно там закладывается характер человека. Формируется его мировоззрение. Накапливается багаж знаний, так необходимых во взрослой жизни. Для вас сегодня, дорогие наши выпускники, прозвенит последний звонок. Немного станет грустно, ведь навсегда от вас уходит беззаботное детство, а впереди взрослая жизнь. Какова она, как найти в ней достойное место? Быть всегда востребованным, нужным близким, обществу, Родине… А такими, как известно, могут быть подлинные личности, обладающие наряду с важными человеческими качествами глубокими и многосторонними знаниями. Потому что знание — это главное богатство цивилизованного мира, вечная ценность, способная разрушить все границы отчуждения и объединить разные культуры, сделать жизнь достойной.Дорогие выпускники, желаю вам доброго пути! Здоровья и благополучия, дерзновенных поисков и ярких открытий во имя родной страны!

С искренним поздравлением, Жансеит Туймебаев

Автор: Түймебаев Ж.Қ.
Санаттар: БІЛІМ

Ардақты ардагерлер!

Бүгін халқымыз үшін ерекше күн. Бұл күн - әлем тарихындағы зілді де қасіретті саналатын Екінші дүниежүзілік соғыста әділеттің ақ таңы атып, Ұлы Жеңіске жеткен күн. Бұл Жеңіс – жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі. Аталарымыз бен әкелеріміздің қан майданда көрсеткен ерлігінің, апаларымыз бен аналарымыздың тылдағы маңдай терінің арқасы. Сол арқылы келер ұрпақтың бейбіт өміріне, бүгінгі егемендігіне жол ашылды.

Құрметті ардагерлер, сіздердің алдарыңызда мәңгілік қарыздармыз! Сіздерге денсаулық, қажымас қайрат тілейміз! Мереке құтты болсын!

Игі тілекпен,

ҚР Білім және ғылым министрі

Ж.Түймебаев


Дорогие участники Великой Отечественной войны,

ветераны тыла!

Поздравляю вас с Днем Победы! Этот светлый праздник подлинного мужества и бесконечной любви оплачен неимоверной ценою жизни миллионов людей. И об этом мы помним. Чтим светлую память тех, кто не вернулся с полей сражения, отдаем дань уважения победителям!

Желаю вам, дорогие ветераны Великой Отечественной, здоровья и бодрости духа, мира и благополучия! Пусть любовь к Родине, мужество и отвага, проявленные вами на фронте и в тылу, будут ярким примером для всех наших соотечественников.

С глубоким уважением,

Жансеит Туймебаев,

министр образования и науки

Республики Казахстан

 

Автор: Түймебаев Ж.Қ.
Санаттар: БІЛІМ

Министерство образования и науки Республики Казахстан, Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» и Альянс-банк в целях оперативного выполнения поручения Главы государства о предоставлении льготных кредитов студентам заявляют следующее.

Министерство образования и науки Республики Казахстан, Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» и АО «Альянс-банк» активизируют совместную работу по льготному студенческому кредитованию.
Фондом национального благосостояния «Самрук-Казына» необходимые средства для выдачи льготного кредита переведены в АО «Альянс-Банк».
АО «Альянс-банк» располагает необходимыми ресурсами для финансирования студенческого кредитования и с 24 марта принимает заявки студентов, которые рассматриваются в течение 5 рабочих дней с учетом подтверждения гарантий и выдает кредит.
Льготные кредиты предоставляются студентам даже не имеющим возможность предоставить в залог недвижимость под гарантию высшего учебного заведения и АО
«Финансовый центр» Министерства образования и науки Республики Казахстан.
От 5 до 35 % от суммы кредита и начисленного вознаграждения будет гарантировано высшим учебным заведением в виде обязательных банковских вкладов на сумму гарантий. От 65 до 95 % - будет гарантировано АО «Финансовый центр» Министерства образования и науки Республики Казахстан.
Министерство образования и науки Республики Казахстан определило категории студентов-участников льготного кредитования. Льготные кредиты будут выдаваться студентам, начиная с 1 курса, обучающимся на платной основе по естественно-научным, техническим и медицинским специальностям, имеющим оценки «хорошо» и «отлично» и не более двух оценок, соответствующих эквиваленту «удовлетворительно».
К числу студентов, получающих льготный кредит, относятся:
студенты-сироты и оставшиеся без попечения родителей;
студенты-инвалиды;
студенты, один из родителей которых является инвалидом;
студенты, один из родителей которых достиг пенсионного возраста;
студенты из многодетных семей (имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей);
студенты из малоимущих семей (имеющих за последние 12 месяцев совокупный месячный доход на каждого члена семьи ниже прожиточного минимума;
студенты из неполных семей (в которых детей воспитывает один из родителей, в том числе разведенные и вдовы).
В целях организации студенческого кредитования в вузах создан технический секретариат, который будет работать по принципу «одного окна».
Технический секретариат:
1) осуществляет взаимодействие с
АО «Альянс-банк»;
2) оказывает конкретную помощь студентам в сборе необходимых документов и в их оформлении;
3) содействует в получении кредита студентами.
В составе технического секретариата будет кредитный офицер – представитель
АО «Альянс-банк», а в состав кредитного комитета АО «Альянс-банк» - представители высших учебных заведений.
Технический секретариат несет ответственность за сбор документов, необходимых для студенческого кредитования, и передачу их в
АО «Альянс-банк».
Высшие учебные заведения будут предоставлять
АО «Альянс-банк» информацию о движении студентов в период обучения (переводы, отчисления, академические отпуска) по итогам учебного семестра и года.
Условия кредитования: 9% годовых на 15 лет без дополнительной комиссии с оплатой вознаграждения и основного долга по истечении 6 месяцев по завершении учебы.
Министерство образования и науки Республики Казахстан,
Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына» и АО «Альянс-банк» приложат совместные усилия для обеспечения ускорения и качества процедуры выдачи льготных студенческих кредитов.
Таким образом, вопросы, препятствовавшие началу реализации Программы, решены.
Реализация Программы начнется с 24 марта 2009 года.

 

Подробную информацию о льготном кредитовании можно найти на сайте МОН РК (www.edu.gov.kz), в рубрике "Образование в Казахстане", в разделе "Льготное кредитование".

Автор: Түймебаев Ж.Қ.
Санаттар: БІЛІМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат» Қоры және «Альянс-банк» АҚ студенттерге жеңілдетілген кредит беру туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын жеделдетіп орындау үшін төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат» қоры және «Альянс-банк» АҚ студенттерге жеңілдетілген кредит беру жөніндегі бірлескен жұмыстарын жандандыруда.
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат» қоры жеңілдетілген кредит беруге қажетті қаражатты «Альянс банк» АҚ-на аударды.
«Альянс-банк» студенттерге жеңілдетілген кредит беруге қажетті қаражатты ала отырып, 24-ші наурыздан бастап студенттердің өтінішін қабылдайды және бес жұмыс күні ішінде кепілдікті растай отырып, кредит береді.
Студенттерге жеңілдетілген кредит жоғары оқу орындары мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ кепілдігі арқылы беріледі.
Кредит сомасының және аударылған сыйақының 5-тен 35% кепілдік сомасына міндетті банктік салым салу түрінде жоғары оқу орындары кепілдік береді. 65-тен 95%-ына - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ кепілдік береді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жеңілдетілген кредит беретін студенттердің санатын анықтады. Жеңілдетілген кредит жаратылыстану-ғылыми, техникалық және медициналық мамандықтар бойынша 1 курстан бастап ақылы негізде білім алып жатқан «жақсы», «өте жақсы» және «қанағаттанарлық» баламасына сәйкес 2 бағадан аспайтын үлгерімі бар ЖОО-ның студенттеріне беріледі.
Жеңілдетілген кредит алатын студенттер қатарына:
студенттер ата-анасының қамқорлығынсыз қалғанда;
мүгедек-студенттер;
ата-анасының біреуі мүгедек студенттер;
ата-анасының біреуі зейнеткерлік жасына жеткен студенттер;
көп балалы отбасының студенттері (бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар);
аз қамтылған отбасылардың балалары (студенттің кредит беру туралы өтінішінің алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне арналған жиынтық айлық табысы осы мақсаттар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар отбасы);
толық емес отбасының балалары (баланы тек анасы не болмаса әкесі ғана бағып отырған, сонымен қатар айырылысқан отбасының немесе жесірлердің балалары);
Студенттерге арналған жеңілдетілген кредит беруді ұйымдастыру мақсатында ЖОО-да техникалық хатшылық құрылды, олар «бір терезе» жүйесі бойынша жұмыс істейді.
Техникалық хатшылық:
1) «Альянс-банк» АҚ-пен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
2) қажетті құжаттарды жинауға және оларды ресімдеуге студенттерге нақты көмек көрсетеді;
3) студенттердің несиені алуына жәрдемдеседі.
Техникалық хатшылық құрамына кредиттік офицер – «Альянс банк» өкілі, ал «Альянс Банк» АҚ кредитік комитетінің құрамына ЖОО өкілдері кіреді.
Техникалық хатшылық жеңілдетілген кредит беру барысында қажетті құжаттарды жинаудағы жауапкершілікті мойнына алады және оларды «Альянс-банк» АҚ-на жеткізуге міндетті.
Жоғары оқу орындары «Альянс-банк» АҚ-на әр оқу семестрі мен жылы біткеннен кейін студенттің оқу жылындағы барлық іс-қимылы (аудару, оқудан шығарылу, академиялық отпуск) туралы ақпарат беріп тұрады.
Кредит беру шарттары: сыйақыны төлеумен қоса қосымша комиссиясыз оқуын аяқтағаннан бастап 6 ай өткеннен кейін негізгі қарызынсыз 15 жылға 9% жылдық мөлшерлемені қосып төлей бастайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат» Қоры және «Альянс-банк» АҚ студенттерге жеңілдетілген кредит берудің рәсімін неғұрлым тездетудің, оның сапасын қамтамасыз ету үшін бірлесіп бар күшін жұмсайды.
Осындай қадамдарға бару арқылы Бағдарламаның жүзеге асырылуына кедергі келтіретін мәселелер шешілді.
Бағдарлама 2009 жылғы 24-і наурыздан іске асырылады.

Жеңілдетілген несие жайлы қосымша ақпаратты ҚР БҒМ ресми сайтында (www.edu.gov.kz) таба аласыз.

Алдыңғы12Келесi
Соңғы пікірлер
Соңғы сұрақтар